13.03.2024, 15:58
Оқиғалар
Батыс Қазақстанда жол апатынан бір адам көз жұмды
Тағы 6 адам зардап шекті
Фото: instagram.com/inessatoboleva
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам көзь жұмып, 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 13 наурыз күні Бәйтерек ауданының аумағында болған.
«Шамамен сағат 09:25-те Орал-Дариян жолы бойында Байқоныс ауылы тұсында «ВАЗ-2106» және KIA автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі 6 адамның зардап шеккенін растады.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
