$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының қымбат ауданында салынған таунхаус сүріліп жатыр

«Мечта» тұрғын үй кешенін сүру туралы соттың шешімі шыққан 

Алматының қымбат ауданында салынған таунхаус сүріліп жатыр
Фото: Видеодан кадр

Алматы әкімдігімен үш жылдай соттасқан компания ақыры жеңіліп, қымбат ауданда салынған таунхаус сүріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлағандай, нысанды сүруге соттың тергеу жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді. Медеу ауданының Обсерватория көшесінде орналасқан «Мечта» ТК салу кезінде көптеген бұзушылықтарға жол берілген.

«Атап айтқанда тексеру кезінде 2 нүктеге рұқсат беру құжаттары болмаған және бүкіл нысан бойынша жобадан көптеген ауытқулар анықталған. Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы  құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет бере отырып, пәтерлерді сатуды жоспарлаған», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін басқарма ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген. 2022 жылдың 1 тамызы күнгі тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді,  алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамады.

«2022 жылдың 19 қазанында Медеу аудандық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз жолданды, соңынан ұзақ  мерзімге созылған сот талқылаулары жүргізілді. 2023 жылдың 20 шілдесінде Алматы қалалық сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылды. 2024 жылы 30 қаңтарда Жоғарғы соттың қаулысымен Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі  объектіні бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Тұрғын үй кешені жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ұсынылмайтын нысан ретінде жарияланған және заңнама мен құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып салынған 54 таулы аймақтардағы үйлердің тізіміне енгізілген.

Серіктес жаңалықтары