11.03.2024, 17:24
Оқиғалар
Жетісу облысында полиция ақбөкен мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі
Операцияны полиция мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп жүргізді
Фото: Видеодан кадр
Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Жаркент қаласы көшелерінің бірінде Mitsubishi Galant көлігін тоқтатып, онда үш күдікті болған.
«Автокөліктің салоны мен жүксалғышында ақбөкен мүйізі бар 6 қорап пен сөмкелер табылды. Олардың жалпы саны 1382 бірлікті құрады. Сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды