Әзірге оттың неден шыққан белгісіз
Өскемен қаласында мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан көшесінде жеке тұрған бір қабатты мейрамхана өртенген. Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға болған жерге шұғыл барды.
«Сағат 06.53-те оқшауланған тілсіз жау 07.49-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккен ешім жоқ. Өртпен күреске ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 9 техника жұмылдырылған», - делінген хабарламада.
Әзірге оттың неден шыққан белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.