07.03.2024, 20:13
Оқиғалар
Жетісу облысында өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Бейнеден кадр
Жетісу облысында өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 наурыз күні сағат 10:18-де Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Қабылданған шаралар барысында баспалдақ маршы арқылы екі азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы екі бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ақпаратта.
Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған. 20 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 10:57-де сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды