08.03.2024, 12:14
Оқиғалар
Шығыс Қазақстанда 20 тонна астық салынған элеватор өртенді
Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында 20 тонна астық салынған элеватор өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт 8 наурызда Глубокое ауданы Предгорное ауылында шыққан. Элеватордың кептіргіші отқа оранды. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің алдын ала дерегінше, өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады.
«Қазіргі уақытта қызыл жалынмен күрес жалғасуда. Сол жерге департаменттен барлығы 32 адам және 9 техника, «Васкен» ЖШС-ның 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша көмек ретінде өрт сөндіру пойызы да жолға шықты», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды