07.03.2024, 09:28
Оқиғалар
Алматыда құтқарушылар жанып жатқан үйден ер адамды алып шықты
Өрттің себебі анықталып жатыр
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Алматыда құтқарушылар жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 наурыз күні кешкі сағат 18:58-де Алматы қаласында жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша 250 ш.м. алаңда өрт болды, ол көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына таралды.
Сағат 19:18-де өрт оқшауланып, 20:02-де өрт сөндірілді. Өрт орнынан 1967 жылғы ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдемге тапсырылды.
Қабылданған шаралармен көрші үйге өрттің таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртке Алматы қаласы ТЖД 20 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)