Науқас – Қарасай ауданының тұрғыны
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, Алматы облысында коронавирус жұқтырған науқас 11 адаммен байланыста болған.
Науқас – Қарасай ауданының тұрғыны, ол Олипийская деревня 19 км мекенжайында тұрған.
«Қазіргі уақытта ауруханада жатқан науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Пациенттің 11 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталып, олардың бәрі дəрігерлер бақылауына алынды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны қазіргі таңда 22 адамға жетіп отыр. 4 науқас ауруынан жазылып шықты.