Ақмола облысында көлік ішінен полицейдің денесі табылды

Темірхан Айжан

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр  

Ақмола облысында көлік ішінен полицейдің денесі табылды
Фото: gov.kz

Ақмола облысының Есіл қаласында көлік ішінен полицейдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Sinegor.kz Instagram парақшасы жариялаған дерек бойынша, 5 наурыз күні таңертең Есіл ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол көлік жуатын орындағы машина ішінен екі адамның мәйітін көргенін айтады.

Полиция анықтағандай, қайтыс болғандар 28 және 29 жаста, олардың мәйіті Audi A6 маркалы көліктен табылды. Бірі – Есіл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты, екіншісі – жергілікті тұрғын.

«Алдын ала ақпарат бойынша олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, екі адам да мас болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.