06.03.2024, 14:00
Оқиғалар
Ақтөбе-Астрахань жолындағы апатта 8 адам қаза тапты
3 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: instagram.com/aktobe_afishi
Бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысының жедел жәрдеміне Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Сағат 08:41-де оқиға орнына «Қандыағаш» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Жалпы 11 адам зардап шеккен. Оның 8-і қаза тапты. Үш адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Облыстың полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
«Жол апатының салдары мен қаза тапқандардың жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады полиция департаменті.

Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды