01.03.2024, 08:33
Оқиғалар
«Тойып ішіп алғанмын»: Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел ұсталды
Ол 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды
Видеодан алынған кадр/ Түркістан облысы ПД
27 жастағы жүргізуші Шардара-Арыс тас жолының бойында қарсы бағытқа шығып, жол белгілері талаптарын сақтамаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Audi A4» маркалы автокөлігін Шардара аудандық учаскелік полиция инспекторлары түнгі рейдтік шара барысында тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелдің құжаттарын тексеру кезінде оның мас хәлде екенін анықтаған. Өз сөзінде көлік тізгіндеген әйел ішімдік ішкенін растап, «тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін» деп айтқан.
Мас күйде рөлге отырған жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданып, әйел 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)