Марқұмның үй иесі екені белгілі болды
27 ақпан күні Шымкенттің Игілік ықшамауданындағы жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пеші істен шығып, бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның үй иесі екені белгілі болды. Сондай-ақ қайғылы жағдайдан соң үш адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы әзірге белгісіз.
Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 2 адам және 1 техника, «Интергаз» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техника жіберілді.