Алматы облысындағы түрмелердің бірінде жұмысшы қайтыс болды

Қаза тапқан электрик осы мекемеде штаттық қызметкер болған      

Алматы облысындағы түрмелердің бірінде жұмысшы қайтыс болды
Фото: dknews.kz

Алматы облысындағы колониялардың бірінде электрик болып істеген қызметкер тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, 21 ақпанда №57 мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында электрикті тоқ соққан.   

«ҚАЖ қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Сәлден кейін азаматтың қайтыс болғаны расталды. Сонымен бірге электрик осы мекемеде штаттық қызметкер болды, оның жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға қатысы жоқ»,-делінген ведомство берген ақпаратта.   

Қазір аталған факт Қонаев полиция басқармасының Ақпаратты есепке алу кітапшасына тіркелді және Алматы облысы еңбек инспекциясы басқармасына комиссиялық тексеру жүргізу үшін материалдар жолданды. 

Авторы: Айжан ТЕМІРХАН 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.