25.02.2024, 11:51
Оқиғалар
Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды
Фото: Polisia.kz
Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.
«Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)
30.08.2026, 07:36
Жаңбыр, жел және аптап: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
30.08.2026, 11:42
Алматыда балконнан шыққан өрт дүңгіршекке жайылды: бір адам зардап шекті