25.02.2024, 10:50
Оқиғалар
Жоғалған Өзбекстан азаматы Ақмола облысында табылды
52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген
Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіруді сәтті аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.
«Қ.А. Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз осы жылы 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген. Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады