24.02.2024, 09:26
Оқиғалар
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Афтершок Қытай аумағында болды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Алматы қаласында 3 балдық жер дүмпуі сезілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда 04 сағ. 58 мин. 53 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде орналасқан. Афтершок Қытай аумағында болды.
Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 3 балл.
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ», - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 07:27
Головкин әлемдік спорт қауымдастығында тағы бір қызметке сайланды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)