$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2020, 09:00
Оқиғалар

Коронавирус: Алматы облысында 4 саяжай карантинге жабылды

4 саяжай массивінен 9 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды

Коронавирус: Алматы облысында 4 саяжай карантинге жабылды
Фото: pixabay.com

Алматы облысында табылған төрт саяжай массиві жабылды. Ол аумақтарда тұрғындардың коронавирус инфекциясымен ауырған 9 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальге жатқызылып, олардан сол мезетте коронавирусқа анализ алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен, Еңбекшіқазақ ауданындағы: «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» төрт саяжай массиві бірден карантинге  жабылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары