Өртті сөндіруге 9 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды
Астанада қоймадағы контейнерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 04.59-да Астана қаласының Байқоңыр ауданында орналасқан қойма үй-жайында 40 тонналық екі контейнер өртеніп кеткен. Өрт ауданы 100 ш. м. Өрт сағат 07.06-да сөндірілді.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 9 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.