16.02.2024, 22:33
Оқиғалар
Қостанайда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарт әйелді өрттен құтқарды
Сержант әйелді сыртқа терезе арқылы шығарған
Қостанайда бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты. Сол маңнанн өтіп бара жатқан сержант Болат Ысқақов бірінші қабаттағы түтін толған пәтерден қарт әйелді сыртқа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бірден 101-ге хабарлап, тұрғынды құтқаруға кіріскен.
«Түтінді көріп, мен кіреберіске қарай жүгірдім. Өрт сөндіру бригадасын шақырдым. Кіреберістің есігі жабық болды, сондықтан ондағы пәтерлерге қоңырау шала бастадым. Есікті тез арада ашты. Кіреберіске кіргенде айналаның бәрі түтінге толғанын көрдім. Кейін уақытты жоғалтпай, мен әйелді алып, оны терезе арқылы сырттағы адамдарға тапсырдым», - дейді Болат Ысқақов.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты