Щучинскіде әскери колледж кадеті оқ жарақатынан көз жұмды

Қайғылы оқиға 13 ақпанда болған

Щучинскіде әскери колледж кадеті оқ жарақатынан көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Щучинск қаласындағы әскери колледждің кадеті оқ тиіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 13 ақпанда болған.

«Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген мнистрдік хабарламасында.

Айта кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан. Колледж Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттар дайындайтын негізгі орталық саналады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.