Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда

10 ақпанда дронның көмегімен қамыстардың арасынан жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Екінші адамды іздеу жалғасуда.

«Билікөл көлінде Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Қарабастау ауылының тұрғындарын іздеуді қайта бастады. Құтқарушылар әуесқой балықшыларды 10 күн бойы іздеді, кейін 21 қаңтарда ауа-райына байланысты іздеулер тоқтатылған болатын», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 11 қаңтарында сағат 12.15-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «112» телефон нөміріне Жуалы ауданы, Билікөл көлі маңындағы Қарабастау ауылының 1981 және 1987 жылғы тұрғындары қайыққа мініп, балық аулауға кеткендігі және олардан еш хабар жоқтығы жөнінде көмек сұрап, хабарлама түскен еді.