$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.02.2024, 14:32
Оқиғалар

Елімізде 5 күн ішінде 144 кг жуық есірткі тәркіленді

Ішкі істер министрлігімен осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр

Елімізде 5 күн ішінде 144 кг жуық есірткі тәркіленді
Фото: freepik

Ішкі істер органдары өткізген «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 4 есірткі зертханасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia-ға сілтеме беріп. 

«Тосқауыл» операциясының шеңберінде көші-қон полициясының қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын шетелдік азаматтар және олардың тұратын жерлеріне тексерістер жүргізілді. Операция басынан бері көші-қон заңнамасын бұзудың 1321 дерегі анықталды, 218 құқықбұзушы елден шығарылды. Қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен көлік объектілеріне, автокөлік құралдарына, багажға, пошталық бөлімшелерге және басқа да нысандарға тексеру жүргізілді. Олардың көмегімен 33 есірткі қылмысы ашылды. Қару-жарақты заңсыз сақтаудың 31 фактісі анықталды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов

Операцияның қорытындысы бойынша барлығы 258 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, олардың ішінде есірткі өткізудің 58 фактісі, аса ірі көлемде сақтаудың 40 фактісі және есірткі контрабандасының 7 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 144 кг жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде 30 кг синтетика, 110 кг марихуана, 3 кг гашиш және 800 грамм трамадол тәркіленді. Ішкі істер министрлігімен осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары