Ауруханаға бара жатқан көлік елді мекен ішіндегі қар құрсауынан шыға алмай қалған
Түркістан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының бас құтқарушы жаңа ғана босанған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төле би ауданының Шұбарағаш елді мекенінің тұрғынының толғағы келуіне байланысты жедел жәрдем шақырды.
Алайда ауруханаға бара жатқан жолда көлік елді мекен ішіндегі қар құрсауынан шыға алмай қалған.
ТЖД қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, босанған келіншек пен жедел жәрдем қызметкерлеріне көмек көрсетті.