Ақмола облысында қонақ үй ауласында 39 жастағы ер адам асылып өлді

Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Ақмола облысында қонақ үй ауласында 39 жастағы ер адам асылып өлді
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында қонақ үй ауласында 39 жастағы ер адам асылып өлді. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 7 ақпанында Бурабай аудандық полиция бөліміне Щучье қаласының 56 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеу баласын іздеуге көмек сұраған. 

39 жастағы ер адам 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалған адамды іздеуге Бурабай ауданы мен облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. 

Сонымен бірге, оның таныстары мен жақындары сұралды. Ер адамның құмар ойындары мен ставкаға әуестігі анықталды. 

«Бір тәулік өткен соң полиция ер адамның денесін жергілікті қонақ үйлердің бірінің аумағында асылып тұрған жерінен тапты. Қазіргі кезде, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген ПД хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.