09.02.2024, 21:47
Оқиғалар
Түркістан облысында есінен танып, суық балконда жатып қалған қарт әйел құтқарылды
Полиция қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін әжейдің жанында болды
Бейнеден кадр
Түркістан облысында полицейлер есінен танып, суық балконға жатып қалған қарт әйелді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысы Ордабасы ауданының полициясына түнгі уақытта 102 пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, көрші тұратын әжейдің есінен танып, үйінің балконында жатқанын хабарлады.
Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келді. Олар пәтер иесінің балконына өрмелеп шығып, жедел жәрдемді шақырып, ол келгенге дейін қарияға алғашқы көмек көрсетті.
Сондай-ақ оның 32 жастағы қызы қарт әйелмен бірге тұратыны анықталды. Оқиға орын алған күні ол үйде болмаған.
Полиция қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін әжейдің жанында болды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы