Астанада біреудің банк картасынан ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Астанада біреудің банк картасынан ақша ұрлаған ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

«Алматы» ауданының полициясы өзгенің банк картасынан ақша ұрлады деген күдікпен 61 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта қаланың оң жақ жағалауындағы супермаркеттердің біріне келгені белгілі болды. Ол несиесін жабу үшін дүкендегі банкоматқа келгенде бөтен біреудің банктік карточкасы қалып қойғанын байқайды. Қаскүнем қылмыстық оймен оны қалтасына салып алып, кейін басқа бір азық-түлік дүкеніннен тауып алған карточка арқылы сауда жасаған. Осылайша 17 450 теңге көлемінде шығын келтіріп, карточканы лақтырып жіберген», - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам істеген ісін мойындаған. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.