Түркістан облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Қос тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді

Бейнеден кадр

Түркістан облысында газ жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгер қаласында болды. Азық-түлік дүкенінде қысқа толқынды пеш қосылғанда газ жарылып, салдарынан ғимараттың қабырғалары құлаған.

Сондай-ақ, екі адамның беті күйіп қалды. 

«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Қос тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында.