07.02.2024, 15:59
Оқиғалар
Қарағанды – Теміртау тасжолында апат болып, 300 көлік кептеліп қалды
Жол апаты салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді
Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көліктің соқтығысуы салдарынан 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көлік соғылған жол апаты болғанын хабарлады.
«Апат салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Көліктерге зақым келді. Қазір Қарағанды - Астана тасжолы жабылды. Бұл аумақта 300-ден астам көлік жиналып қалды. Айналаның көрінуі жақсарып, жол бағыты тазартылғаннан кейін жол ашылады», - деп хабарлады ведомстводан.
Полиция облыс тұрғындарынан ауа райы болжамын қадағалауды және қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді