Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пинера тікұшақ апатынан қаза тапты

Автор: Аманалина Тоғжан

Тікұшақтың құлауына қандай жағдай себеп болғаны әзірге белгісіз

Фото: edition.cnn.com

Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пинера тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN-ге сілтеме жасап.

ІІМ Каролина Тоханың хабарлауынша, тікұшақ жергілікті уақытпен 15:00 шамасында Лос-Риос ауданынының оңтүстігіндегі Илиуэ елді мекенінде апатқа ұшыраған. Бортта 4 адам болған, оның үшеуі аман қалды.

Тікұшақтың құлауына қандай жағдай себеп болғаны белгісіз, бірақ сол сәтте қатты нөсер болғаны айтылады.

74 жастағы Себастьян Пинера 2010-2014 жылдары және 2018-2022 жылдары екі рет президент қызметін атқарған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Чилиде 3 күндік аза тұту күні жарияланбақ.

Айта кетсек, ел басынан онсыз да қаралы күндер өтіп жатыр. 5 күн бұрын басталған алапат орман өрті 120-дан астам адамның өмірін жалмады.