05.02.2024, 09:06
Оқиғалар
Атырау облысында жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 4 ақпанда Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолында болған
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық Полиция департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 4 ақпанда сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 873 шақырымында болған.
«Volvo маркалы жүк көлігінің 1958 жылы туған жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранып, 1964 жылғы жүргізушісі мен 1965 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, тергеу ісі басталды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген