Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады

Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады
Фото: polisia.kz

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады. Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген ұры құрықталды. Ол кезекті ұрлық үстінде ұсталды. 5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген.

Бұдан бөлек, ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған. Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді.

Бүгінгі күні бұл күдіктінің қала аумағында тіркелген осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.