«Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған»: ІІМ басшысы оқиғаға қатысты пікір айтты

Автор: Аманалина Тоғжан

Күдікті әлі іздестіріліп жатыр    

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Қарағандыдағы жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты оқиға жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті іздестіріліп жатыр. Кінәлілерді міндетті түрде табамыз. Заң бойынша жазаланады», - деді Сәденов.   

Еске салайық, Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтады.   

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ