Атырауда төбелес кезінде ер адам қайтыс болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: azh.kz/kz

Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, төбелес 1983 жылы және 1994 жылы туған ер адамдар арасында болған. Салдарынан 1994 жылы туған жігіт қайтыс болды.

Қазір оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.