22.01.2024, 10:18
Оқиғалар
АҚШ–та аяздан 89 адам көз жұмды
Ауа райы 12 қаңтарда бұзылған
Фото ашық дереккөзден
Соңғы аптада Америка Құрама Штаттарында кем дегенде 89 адам қайтыс болды. Оған қақаған қыстың суығы себепші болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CBS News-ке сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайтыс болғандардың көбі Теннесси штатында тіркелді. Онда 25 адам көз жұмған. Орегонда 16 азамат қаза тапты. Олардың үшеуі ағаш құлаған сәтте көлікте отырған.
Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Висконсин, Нью-Йорк және Нью-Джерсиде қорқынышты оқиғалар тіркелді. Қазіргі уақытта елде ауа райы суық: қатты жел, қар мен көктайғақ.
Осыған дейін температура кейбір сәттерде минус 34,4 градусқа дейін төмендегені туралы хабарланған. Күннің сууы 12 қаңтарда басталды.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды