Жамбыл облысында пойыз басып кеткен екі теміржолшы мерт болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқиғаға қатысты тергеу басталды

Фото: ҚТЖ

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. 

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмады.

«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.