Ауғанстанда жеке ұшақ апатқа ұшырады
Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке ұшақтың апатқа ұшырауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін

Мәскеуге бет алған жеке ұшақ Ауғанстанның солтүстік-шығысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Aamaj News ақпараттық агенттігінің хабарлауынша техникалық ақау салдарынан Бадахшан провинциясында әуе кемесі апатқа ұшырады.
«Талибан» қозғалысының өкілдері бұл аймаққа оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы топ жіберілгенін айтты.
Ресейде Ауғанстанда радардан жоғалған ұшақтың бортында алты адам, оның ішінде кейбір мәліметтер бойынша екі ресейлік болғанын хабарлады. Ұшақ Ташкент арқылы Мәскеуге бет алды.
Бұған дейін ұшақ Үндістанға тиесілі деп хабарланған, бірақ кейінірек Азаматтық авиацияның бас дирекциясы (DGCA ) ұшақ Үндістанның ешбір авиакомпаниясына тиесілі емес екенін мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың бортында алты адам болды – төрт экипаж мүшесі және екі жолаушы. Әуе кемесі Гай (Үндістан) – Ташкент (Өзбекстан) – Жуковский (Ресей) бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсті орындады», – деп хабарлады Ресей.
20 қаңтарда Falcon 10 ұшағы байланысын тоқтатты және Өзбекстан шекарасына жақын Ауғанстан аумағында радиолокациялық экрандардан жоғалып кетті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке ұшақтың апатқа ұшырауының себебі техникалық ақаулық болуы мүмкін - екі қозғалтқыштың істен шығуы. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ «Атлетик Групп» компаниясына және жеке тұлғаға тиесілі.