$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2024, 07:02
Оқиғалар

«Төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман»: Маңғыстауда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған

Оқытушы жұмыстан босатылды

«Төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман»: Маңғыстауда мұғалім оқушыларды таяқпен тәртіпке салған

Оқиға осыдан екі күн бұрын Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

«Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес «қатаң сөгіс» тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды», - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары