15.01.2024, 12:41
Оқиғалар
Атырау облысында зейнеткер өз-өзін өртеп жіберді
Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған
Фотоколлаж Azattyq Rýhy
Атырау облысында зейнеткер өзін өртеп жіберді. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
«13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді» - делінген хабарламада.
Орын алған оқиғның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша, бұған отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды