«Тапталып қала жаздады»: ҚТЖ вокзалда болған жағдайды түсіндірді
Вокзал қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Астана вокзалында адамдар тапталып қала жаздады. Халықтың бірін-бірі итермелей алға ұмтылған сәті видео түсіп қалған. ҚТЖ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 қаңтарда демалыс күні (жексенбі) және қолайсыз ауа-райынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келуімен себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті.
«Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.