12.01.2024, 15:31
Оқиғалар
Шымкентте дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болып кетті
Қайғылы оқиға 11 қаңтарда №48 орта мектепте болған
Фото ашық дереккөзден
Шымкентте дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Otyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 11 қаңтарда №48 орта мектепте сабақ үстінде болған.
«8-сынып оқушысы есінен танып қалды. Мектеп медбикесі спортзалға тез жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы шұғыл көмек бригасын шақырды. Алайда дәрігерлер келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болып кетті», - делінген хабарламада.
Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
Марқұм болған бала отбасында үш баланың ортаншысы болған.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
