$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында әскерилер тұрғындарды соққыға жыққан: министрлік пікір білдірді

Желіде жаппай төбелестің видеосы тарады

Жамбыл облысында әскерилер тұрғындарды соққыға жыққан: министрлік пікір білдірді
Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде әскерилер қатысқан жаппай төбелестің видеосы тарады. Аталған дерекке байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Отар оқу-жаттығу орталығына қарасты №30212 әскери бөлімінің әскери қызметшілері төбелес ұйымдастырып, азаматтарды соққыға жыққан», - делінген хабарламада.

Аталған жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, 1 қаңтарда Жамбыл облыстық полиция департаментінің Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, жаппай төбелшес кезінде екі азамат зардап шеккен.

«Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері қатысқаны анықталды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128 және 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталды, оның ішінде қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған 2 әскери қызметкер бар», - деп түсіндірді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары