Шын ақша екен деп қалған: БҚО-да дүкеннен сувенир долларды ұрлаған ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Ұрланған «доллар» оның пәтерінен табылды

Шын ақша екен деп қалған: БҚО-да дүкеннен сувенир долларды ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: Pixabay.com

БҚО полицейлері кәдесыйға арналған сувенир долларды ұрлаған адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камераларына ғана емес, Бөрлі ауданының Жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған. Камераға ер адам оқиға орнынан көлікке мініп кеткен жері түсіп қалса керек. Жедел қызметкерлерге қаскүнемді табу қиынға соққан жоқ.

Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған «доллар» оның пәтерінен табылды.

Жауап алу кезінде оған таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын айтқанын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған.

Аталған факті бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы Пб-мен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.