05.01.2024, 08:44
Оқиғалар
Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 90-нан асты
Жер сілкінісі мен оның салдарынан 250-ден астам тұрғын әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған
Фото: euronews.com
Жапонияда бес күннен бері жалғасып жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 92-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, елдің төтенше жағдайлар қызметі 242 адамның тұрғылықты жерін анықтай алмай жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі мен оның салдарынан 250-ден астам тұрғын әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған.
Бұдан басқа, табиғи апат аймағында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері жұмылдырылған құтқару және іздестіру операциясы жалғасып жатыр.
Айта кету керек, Исикава әкімшілік бөлігі ең көп шығынға ұшырады. Онда 250-ден астам үй қирап, өрт тағы 200 ғимаратты қиратқан.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды