02.01.2024, 16:39
Оқиғалар
Токио әуежайында ұшақ өртеніп, 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланды
Жолаушылар ұшағы әуежайдың ұшу-қону жолында жағалау күзетінің әскери-көлік ұшағымен соқтығысқан
Жапондық Japan Airlines авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы Токионың Ханеда әуежайының ұшу-қону жолағында өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Eoronews-ке сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, ол әуежайдың ұшу-қону жолында жағалау күзетінің әскери-көлік ұшағымен соқтығысқан.
Лайнер Солтүстік Саппоро қаласынан Токиоға ұшып келген.
Жалын қону кезінде шарпыған. Ұшақтың қанаттары мен корпусы жанып кетті.
Бортта 379 жолаушы мен экипаж мүшелері болды. Хабарланғандай, олардың барлығы эвакуацияланды.
Жапонияның Жағалау күзеті жолаушылар ұшағымен соқтығысу туралы хабарламадан кейін экипаждың бес мүшесі жоғалып кеткенін хабарлады. Ұшқыш эвакуацияланды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды