Қаланың бас шыршасы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқан
Бүгін, 31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Негізгі шыршаның «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқанын атап өту қажет», -делінген хабарламада.