$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 18:16
Оқиғалар

Алматыда қаланы дезинфекциялауға 293 миллион теңге бөлінді

Қаланы дезинфекциялауға күн сайын 60 мың литр ерітінді қолданылады

Алматыда қаланы дезинфекциялауға 293 миллион теңге бөлінді

Көпқабатты үйлердің кіреберісін тазалауға 9 мың теңгеге дейін ақша жұмсалады. Алматыда  8 503 көппәтерлі үйде 23 454 кіреберіс бар. Бұдан бөлек, 4082 аулаға да дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жасалып келеді. Төтенше жағдай басталғалы қаланы жұқпалы індеттен тазалауға 1 миллион  700 мың литр дезинфекциялық ерітінді кеткен.

«Біз дезинфекциялау кезінде дүкендерді, дәріханаларды, аялдама кешендерін қамтыдық. Бұған дейін жеке секторда жұмыс жасалмаса, енді ол жақтарды да дезинфекциялау басталады. Жеке секторда өңдеу жұмыстары аптасына бір рет жүргізіледі» - деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының  басшысы Ержан Сейтенов.

Оның сөзінше, көшелердің тазалығын сақтауға 70 бригада жұмылдырылған. Олардың құрамында 635 адам, 48 бүріккіш аппарат пен 14 техника бар. Тұрғын үй саясаты басқармасының мердігерлік ұйымдары аптасына 2 рет көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын дезинфекциялауы тиіс.

«Дезинфекциялық өңдеудің болмауына және сапасыз өңдеуге байланысты келіп түскен шағымдарды ескере отырып, біз халықпен кері байланысты күшейттік. 8 701 038 2525 нөмірі бойынша WhatsApp желісі жұмыс істейді. Оған шара қолдану үшін тұрғындар сапасыз өңдеудің немесе оның болмауы туралы бейне және фото материалдарын жібере алады», - деді Е.Сейтенов.

Қаладан күн сайын 1200-1500 тонна аралығында қоқыс шығарылады.

Серіктес жаңалықтары