Павлодар облысында трактор қағып кеткен ер адам мерт болды

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды

Павлодар облысында трактор қағып кеткен ер адам мерт болды

Павлодар облысында автокөлік пен трактор қағып кеткен екі адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсанда Беловка - Қалқаман автожолының 18 шақырымында «Toyota Land Cruiser-100» маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кеткен. Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Сол күні Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің жазық даласында МТЗ-92 маркалы трактордың жүргізушісі мас күйінде алдыңғы күрегімен жұмыс істеп жатқанда өтіп бара жатқан салт атты адамды қағып кетті. Апат салдарынан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», – дейді департаментте.

Жол-көлік оқиғалары бойынша тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрақтарына қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.