Атырау облысында 29 жастағы жүкті әйел көз жұмды

Оған ЖРВИ белгісімен медициналық «жедел фарингит» диагнозы қойылған

Атырау облысында 29 жастағы жүкті әйел көз жұмды
Фото: freepik.com

Атырау облысында 29 жастағы әйел жүктіліктің 36-аптасын өткеріп жүрген. Алайда, жіті респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) диагнозымен ауруханаға түсіп, бір күннен соң қайтыс болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Махамбет ауданында тіркелген.

Махамбет ауданының тұрғыны жүктіліктің 36-аптасында жергілікті аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Бұған оның денсаулығындағы өзгеріс себеп болған. Жергілікті дәрігерлер 5-ші желтоқсанда жүкті әйелге ЖРВИ белгісімен медициналық «жедел фарингит» диагнозын қойған. Алайда науқас келесі күні қайтыс болды.

«Қазір 29 жастағы жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүкті әйелдің қайтыс болу себептері анықталып жатыр. Сарапатама қорытындысы белгілі болғаннан кейін толық беріледі», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.