Жүргінші алған жарақаты салдарынан есін жимастан көз жұмды
Ақтөбе облысында 20 наурыз күні сағат 20.10 шамасында адам өлімімен аяқталған жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«КамАЗ 55102» көлігінің жүргізушісі қаладағы Жаңа құрылыс ауданынан шығып, 312 Атқыштар дивизиясы даңғылымен теміржол жаққа қарай келе жатып, Мир даңғылына жетіп қалғанда, «Ростанефть» жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы тұста жаяу жүргіншіні басып кеткен.
22 наурыз күні зардап шегуші алған жарақаттары салдарынан есін жимастан көз жұмды.
«Ақтөбе облыстық Полция департаментінің тергеу басқармасы аталмыш жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен: 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 нөмірлеріне немесе ПД тергеу басқармасының №403 кабинетіне хабарласуын сұрайды», - делінген хабарламада.