ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Семейде коронавирус жұқтырған жасөспірімнің інісі де ауруханаға түсті

Жасөспірім 5 сәуір күні коронавирусқа тексерілген

Семейде бір отбасының екі баласының да коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде 2007 жылы туған жасөспірімнің де коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол бұған дейін осы диагнозбен стационарға түскен 14 жастағы науқастың туған інісі екен.

Жасөспірім 5 сәуір күні коронавирусқа тексерілген. Баладан алынған талдау нәтижесі диагнозды растаған.

«Қазір балалардың екеуі де инфекциялық стационарға жатқызылды. Жағдайлары орташа дәрежеде. Бүгінде кеңейтілген эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ешқайда шықпай, үйінде отырған 14 жастағы жасөспірімнің COVID-19 вирусын жұқтырғаны хабарланған болатын. Науқас бала мен оның жақын туыстары облыс пен ел аумағынан сыртқа шықпаған екен. Баланың бойындағы ауру белгілері 30 наурызда көріне бастаған.

Балалардың туыстары 13 наурыз күні көктемгі демалысқа шыққалы бері олардың ешқайда шықпағанын айтады. Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде, ауру жұқтырғандардың 51 адаммен байланыста болғаны анықталды.

Айта кетсек, қазіргі таңда елімізде 670 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. Оның ішінде, 6 адам – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Дәрігерлер 6 сәуір күні қауіпті вирус жұқтырған 1959 жылы туған семейлік тұрғынның денсаулығы жақсара бастағанын айтты. 

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады